«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 негізгі мектеп оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «1986 жылғы Желтоқсан» атты хронограф өткізді.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Бұдан әрі кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, маңыздылығы мен дамуы, республикамыздың тарихи беттері, жетістіктері, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың тәуелсіз мемлекет ретінде танылуы туралы айтып берді.
Тыңдаушылар Қазақстанға арналған өлең жолдарын оқыды, «Біздің Қазақстан» бейнеролигі тамашалап, «Сұрақтарға жауап беру» ойынына қатысты.
№ 9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Қазыбекқызы Ермағамбетова өз сөзінде мұндай іс-шаралардың патриотизмді қалыптастыруда, өз еліне, өз Отанына деген құрмет сезімін оятуда маңызы зор екенін атап өтті
