Үздік жоба – 2024

Жобалық қызмет бүгінде кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының біріне айналды. 2024 жылғы 28 қарашада Н. Островский атындағы ОҚК «Үздік жоба – 2024» байқауы өткізілді. Байқауға Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары қатысты. Кітапханашылар онлайн-жобаларды, өлкетану жобаларын, сондай-ақ кітаптарды насихаттауға және жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды ұсынды.
Жобалық жұмыс – бұл кітапхана ресурстарын жоспарлау мен пайдалануға тиімді көзқарас мүмкіндігі, ал кітапханашылардың байқауға қатысуы кәсіби жетілу мен өз қабілеттеріне деген сенімділікті көрсетеді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және жүлдеге сертификаттармен марапатталды. 1 орынды «Дорожный» кітапхана-филиалы иеленді, кітапханашы Стакозова Наталья Владимировна «Көше атауларындағы жазушылардың есімдері» жобасын ұсынды. 2 орынды «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы Мун Наталья Ивановна иеленді, «Оқырман балалар – гүлденген Қазақстанның болашағы» жобасын ұсынды. 3 орынды «Северный» кітапхана-филиалы иеленді, меңгеруші Тасмағанбетова Разья Мұхтарқызы «Кітапхананың шақырылған қонағы» жобасын ұсынды.
Жобалық қызметтің арқасында жергілікті қоғамдастықтағы кітапханалардың рөлі артып, оқырмандарға көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсаруда, кітапханалар заманауи имиджге ие болуда, жұмыста жаңа перспективалар пайда болуда.

Саяхат

2024 жылғы 27 қарашада Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Саяхат» атты кезекті отырыс өткізілді. Клуб мүшелері саяхат туралы әңгімеледі, жаңа сөздермен танысты, жұппен, жеке жұмыс жасады. «Кел, жаттығайық, мәтінге назар аударайық», «Кел, сөйлесейік», «Жасырын сөздер» сынды тапсырмалар орындалды. Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Жұректен жұрекке

2024 жылғы 28 қарашада Н. Островский атындағы ОҚК кітапханашылары «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық сағатын өткізді. Іс-шараға ҚМУ «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметтерін алушылар» қатысты.
Кітапхана қызметкерлері алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі туралы айтып, электронды презентация мен «Новогодний Ералаш» бейнеролигін көрсетті. Балалар викториналар мен байқауларға қатысып, караокеде ән айтуды ұнатты. Олар әлеуметтік қызметкерлермен бірге көңілді әндер әуенімен дене шынықтыру және «Снежинкалар мен жарқын ойыншықтар» шеберлік сабағына қатысты. Бір-біріне көмектесе отырып, түрлі-түсті қағаздан қолөнер жасады.
Шара соңында кітапханашылар балаларға тәттілер тарту етті. Шеберлік сыныбы көптеген жағымды эмоциялар мен жағымды әсер қалдырды.

Таза Қазақстан – таза аймақ

«Қонай» кітапхана-филиалында «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты экологиялық акциясы өткізілді, «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Кітапханашы балалардың назарын табиғатты аялауға аударып, жадынамалар таратты.
Соңында Чапаевская негізгі орта мектебінің оқушылары мектеп маңын қоқыстан тазартты.

Ұлыстан Ұлы мемлекетке

2024 жылғы 28 қарашада Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Ұлыстан Ұлы мемлекетке» атты тарихи экскурс өткізді. Іс-шараға ҚМК студенттері қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде Қазақ мемлекетінің бастауында тұрған Жошы ұлысының рөлі атап өтілді.
Іс-шара барысында кітапханашы биыл Жошының Дешті және Қыпшақ (Қазіргі Қазақстан) аумағына қосылғанына 800 жыл толатынын атап өтті. Жошы әулетінің Қазақстандағы үздіксіз тарихы алты ғасырдан асады. Іс-шарада моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы салдарының тарихы, сондай-ақ Алтын Орда мемлекетінің пайда болуы туралы негізгі ойлар қозғалды.
Іс-шара соңында осы тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.

Жыл кітабын оқимыз

«Южный» кітапхана-филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында № 19 орта мектептің 6 сынып оқушылары үшін «Жыл кітабын оқимыз» атты оқу аумағы өткізілді. Акция аясында биылғы жылы қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылды. Кітапханашы балалар туралы көптеген шығармалар авторының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Балалар жазушының «Менің атым Қожа» әңгімесімен толығырақ танысты. Шығарманың үзінділерін дауыстап оқу жалынды баланың бейнесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Осы аттас фильмнің үзінділерін көргеннен кейін балалар өз пікірлерімен алмасты.
«Балалық шаққа саяхат» кітап көрмесінің көмегімен кітапханашы оқушыларды Бердібек Соқпақбаев шығармаларының мейірімді және дана, бұзық және ақылды кейіпкерлерімен таныстырды.

Экозал

«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін «Дикая природа Казахстана», «Заповедный Казахстан. Реликтовая роща» деректі фильмі көрсетілді. Деректі фильмді көргеннен кейін балалар фильмдер туралы, Қазақстан табиғатының мәселелері туралы өз пікірлерін білдірді. А. А. Иващенконың «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Ковшар А. Ф., Ковшар В. А. «Животный мир Казахстана» және т. б. ұсынылған кітаптардың көмегімен жас натуралистер табиғаттың таңғажайып әлемі туралы көбірек білді.

Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі

27 қарашада «Северный» кітапхана-филиалында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық науқаны аясында № 22 ОМ 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» диалог алаңы өткізілді.
Іс-шара барысында жүргізуші науқан гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабардарлықты арттыруға және оның алдын алу жөніндегі іс-қимылдарды ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті. Тыңдаушыларды ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерімен, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы таныстырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығындағы жыл сайынғы халықаралық науқан «Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтетіні атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар кітап көрмесімен танысып, «Тұрақты даму үшін гендерлік теңдік» бейнеролигін тамашалады.

Ерекше мағыналы тағдыр

2024 жылғы 27 қарашада «Строительный» кітапхана-филиалында V-ші ақпараттық онкүндігі аясында «Ерекше мағыналы тағдыр» атты қайырымдылық қонақжайы өткізілді. Іс-шараға «Қостанай мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ «Вдохновение» демалыс орталығының балалары қатысты.
Кітапханашы «инклюзивті мәдениет» терминіне түсініктеме берді. Ол мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қалай қамқорлық жасайтыны, түрлі қоғамдар құратыны, оларды арнайы әдістемелер бойынша оқытатыны, қолдан келгенше еңбекке тартатыны, олар үшін арнайы әдебиеттер шығаратыны туралы айтып берді.
Балалар сыпайылық туралы жұмбақтар шешіп, бір-біріне ұқыпты қарау туралы мақал-мәтелдерді еске алып, «Мейірімділік шеңбері» ашық ойынға қатысты. Кітапхана оқырманы Жулдаспаева Альфия Каримовна махаббат пен достық туралы лирикалық өлеңдер оқыды.
Кездесу қызықты және жағымды өтті!

Қостанай – менің сүйікті қалам!

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай қаласының 145- жылдығына орай «Қостанай – менің сүйікті қалам!» онлайн режимінде виртуалды саяхат ұйымдастырды. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өтті. Онлайн байланысқа РФ Калининград қаласының № 9 қалалық жасөспірімдер кітапхана-филиалы шықты.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Қазақстан мен Ресей көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Іс-шара барысында қатысушылар халық саны, Қостанай мен Калининград тұрғындарының кәсіптерінің сипаты, географиялық, тарихи және мәдени маңызы туралы әңгімеледі. Қостанай қаласының кітапханашысы белгілі тұлғалардың, ақындардың, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің мемориалдық тақталарына арналған «Бұл біздің мұрамыз» аудиогидіне нақты тоқталды. Калининград қаласының кітапханашысы өз қаласының тарихымен қызықты таныстырды.
Іс-шара соңында қатысушылар Қостанай қаласы мен Калининградтың белгілі авторларының кітаптарын ұсынды.