«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға ата-бабаларымыздың ежелгі аңшылық өнері туралы айтып берді. Балалар Абай Құнанбаевтың аңшылық өнерінің қыр-сырын сипаттайтын «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңін оқыды.
Іс-шара соңында балалар билік пен жомарттықты бейнелейтін бүркіт суретін салып, дайын жұмыстардың көрмесін жасады.