2025 жылғы 29 қаңтарда «Строительный» кітапхана-филиалында «Туған жерге саяхат…» жобасы аясында «Ізгі ниет – игі істер – игі өмір» атты еріктілердің сапары өтті. Іс-шараға Б. Момышұлы атындағы № 5 мектептің 9 «а» сынып оқушылары қатысты.
Кітапхана меңгерушісі Долматова Елена Алексеевна өткізу тарихымен және қызмет жоспарымен таныстырып, балаларды жобаға қатысуға шақырды.
Қостанай қарапайым, өз еркімен жақсылық жасайтын адамдардың есімімен танымал. Жобаның бірінші қатысушысы «Қостанай ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының» маманы Жантемирова Томирис болды. Кездесу барысында балалар Томиристің жан-жақты қызметімен танысты. Ол сезіммен өлең оқып, тәжік биін орындады. КВН-ге, байқауларға, үгіт-насихат бригадаларына қатысқаны үшін көптеген дипломдар, сертификаттар, мақтау қағаздары балаларды қызықтырды. Томирис үлгі болып, балалар еріктілер қозғалысына қатысқысы келді.
Сонында, кітапханашылар мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын мейірімді адамдар туралы таңдамалы кітаптарды ұсынды. Т. Ноланның «Лапа дружбы», «Два Даньки» сериясы, А. И. Суслованың «Буран и скрипка», А. Солженициннің «Матрёнин двор» кітаптары ұсынылды.
Кездесу белсенді диалог форматында, жағымды, жеңіл атмосферада өтті. Балалар оқу үшін кітаптарды алып, еріктілердің жұмысымен жақынырақ танысуға ниет білдірді!
