Көңілді пингвин

«Западный» кітапхана-филиалында «Умелые ручки» клубының қатысушыларына арналған «Көңілді пингвин» шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар кітапханашымен бірге «Мурзилка» және «Веселый колобок» журналының материалдарын пайдалана отырып, пластикалық бөтелкелер мен түрлі-түсті қағаздан пингвиндер жасады. Маркердің көмегімен пингвинге қанаттар мен тұмсық салынды, содан кейін аяқтары түрлі-түсті қағаздан кесіліп, қақпақ атлас лентасымен безендірілді. Барлық жұмыстар ерекше және қызықты болды.