«Мәдениет-адал өмір»

Кітапханада «Мәдениет-адал өмір» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Ол келушілерге құқық, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін ашатын басылымдармен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда адал әрі әділетті өмір сүрудің маңыздылығын арттыру. Сөреге келесі кітаптар қойылған: Г.Ф. Поленов, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық ісі» – Қазақстандағы қылмыстық процестің ерекшеліктерін, соның ішінде құқық нормаларын талдау және оларды қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыратын басылым: А.С. Ибраева, «Құқықтық мәдениет: теория мен практика мәселелері» – құқықтық мәдениетті құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізі ретінде зерттеуге және негізгі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге арналған кітап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына, заң жобаларына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына арналған материалдар жинағы, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» – елдің қылмыстық құқығы нормаларын жүйелі түрде баяндаған басылым, қазіргі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып жасалған ,«Сыбайлас жемқорлықты қалай азайтуға болады?» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері, оның салдарын азайту жолдары және табысты тәжірибе мысалдары қарастырылған практикалық құрал.
«Мәдениет-адал өмір» тақырыптық сөресінің мақсаты – заңды сақтау, адалдық пен ашықтық қағидаттарын насихаттау, құқықтық білімді арттыру және әділетті қоғам құруға белсенді қатысуға шақыру.