Маңызды экология

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» балалар үйірмесінің қатысушылары үшін «Маңызды экология» атты кітапханалық кинозалы ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларға экологияның не екенін айтып берді, балалар табиғатты қалай қорғайтыны туралы сұрақтарға жауап берді, содан кейін барлығы «Смешарики» сериясындағы «Маленькое большое море» мультфильмін көріп, мультфильмде болып жатқан оқиғаларды талқылады.