2025 жылдың 20 қаңтарында «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 13 негізгі орта мектебі» КММ педагогтары үшін «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кітапхана қызметкерлері байқаудың мақсаты – қала тұрғындарының назарын заманауи тұлғаны оқу мәдениетін дамыту мәселесіне аудару, онлайн-байқаудың ережесімен таныстырып, өткізу ережелері туралы айтып, https://kitap10.kz/ сайтын ұсынды, онда конкурс туралы барлық ақпарат жарияланған.
Педагогтар ұжымы кітап оқу бойынша онлайн-конкурсқа үлкен қызығушылық танытты.
Соңында кітапханашылар педагогтарды белсенді қатысуға ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға тартуға шақырды.
