Отбасылық ЧИТАЙмер

«Западный» кітапхана-филиалында ересек оқырмандар балаларымен және немерелерімен бірге «Отбасылық ЧИТАЙмер» экскурсиясы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар кітапхананы пайдалану ережелерімен және жұмыс тәртібімен танысты. Кітапхананың негізгі құндылығы көптеген қызықты ақпаратты қамтитын кітаптар екенін білді. Барлығына ұнаған кітаптар мен журналдарды көруге және сөреден алуға, оларды қарап шығуға, иллюстрацияларды көруге мүмкіндік болды.
Кітапханашы кітап көрмелеріне шолу жасап, балаларға арналған «Ақниет», «Умелые ручки» клубтары, сондай-ақ «Золотой возраст» клубының жұмысы туралы әңгімеледі.
Соңында «Кітап нені ұнатады?» ойын тапсырмасы ұсынылды.