Туған жер

2025 жылғы 30 қазанда Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» кезекті сабағы өткізілді.
Қатысушылар өткен тақырыпты қайталай отыра, «Туған жер» атты жаңа тақырыппен танысты. Бұл кезекті сабақта туған жердің мағынасы және оның құндылығы туралы айтылды. Қатысушылар тақырып бойынша өз ойын ауызша және жазбаша жеткізді, «Сөйлемді жалғастыр» топтық ойынын ойнады.
Сөздер мен сөйлемдерді дауыстап қайталап, сөз тіркестерін құрап, берілген мәтінмен жұмыс істеп, оқу, көркем жазу дағдыларын қалыптастырды.