«Узкоколейный» кітапхана-филиалында қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Уақытты жарған адам» тақырыптық сөресі дайындалды. Көрмеге Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылды. Сонымен, В. Гетманованың «Казахская литература» кітабынан оқырмандар жазушының әдеби және қоғамдық қызметі туралы біле алады. Ә. Әлімжановтың бес томдық шығармалар жинағында мерейтой иесінің романдары, повестері, очерктері, әңгімелері, мақалалары ұсынылған. Автор өз шығармаларында халықтың тарихи өмірін бейнелеген. Оның кітаптарының басты кейіпкерлері – қазақ халқының көрнекті өкілдері: Махамбет Өтемісов, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов және басқалар.
Оқырмандарды көрмеде ұсынылған осы және басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз!
«Уақыт адамы»(қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтыңтуғанына 95 жыл толуына орай)
