Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері үшін «Қазақстандық даму моделінің басымдықтары» атты ақпараттық сағатын өткізді.Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдеріне, республиканың егемендік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне, елдің түрлі салалардағы даму басымдықтарына, сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған негізгі реформаларға баса назар аударылды. Тыңдаушылардың назарына […]