17 ақпан күні «Западный» кітапхана-филиалында № 18 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушыларына «Кітап құрылымы» атты кітапхана сабағы өткізілді.Іс-шара барысында жас оқырмандар кітап беттері бойынша нағыз саяхат жасады. Балалар кітаптың қандай элементтерден тұратынын білді: мұқаба, түптеу, титулдық бет, анықтамалық аппарат, сондай-ақ аннотация мен мазмұн. Теория бірден практикамен бекітілді: екінші сынып оқушылары авторларды, алғы сөзді, аннотацияны және кейінгі […]