2025 жылдың 27 ақпанында Н. Островский ат. ОҚК «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақстан. Кітап. Оқу» конференциясы өткізілді. Конференцияны «ОКЖ» ММ директоры Шоқанова Гүлмира Сәбитқызы ашты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Конференция барысында кітапхана қызметкерлері сөз сөйледі. Кітапханашылар акцияның тарихы туралы әңгімелеп, екі автордың – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық жолын ұсынды.
Авторлардың шығармашылығы бойынша жұмысты тәжірибеде қолдану үшін библиографиялық сипаттамасы, мақалаға аннотациясы және мақаланың электрондық нұсқасына сілтемесі бар мақалалардың аннотацияланған тізімі ұсынылды. Сондай-ақ, Н. Островский ат. ОҚК кітапханашысы дайындаған «КІТАПЖИНАҒЫКZҚОСТАНАЙОКЖ» электронды ресурсы ұсынылды.
Соңында Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің жас кітапханашылар мен Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларының оқырмандарының қатысуымен шығармалары оқылды.
