Н. Островский ат. ОҚК Қостанайдың 145 жылдығына арналған «Менің Қостанайым» жобасы аясында, Қостанай облысы ТЖД ММ қызметкерлері үшін «Қостанайлық атқыштар» жанды журналын өткізді. Іс-шараға № 4 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Жауынгерлік Даңқ мұражайының жетекшісі С. Г. Карпенко шақырылды. Шара соғыста қаза тапқандарға тағзым ретінде бір минуттық үнсіздікпен басталды. Қазақстандықтардың фашизмді жеңудегі рөлі атап өтілді. 1941 жылдың 21 желтоқсанында Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығымен 151 қостанайлық жеке атқыштар бригадасы құрыла бастағаны айтылды. Электронды презентация арқылы бейнероликтер қатысушыларды Қостанайлық атқыштардың жауынгерлік әрекеттерімен таныстырды. С. Г. Карпенко соғыс кезіндегі мұражай экспонаттарын көрермен назарына ұсынды. 151 атқыштар бригадасының жауынгерлерінің хаттары оқылып, «Соғыс сәттері кітап жадында» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.