Қыр елінің Крыловы

«Болашақ» балалар танымдық клубының жұмысы аясында «Северный» кітапхана-филиалында «Қыр елінің Крыловы» атты поэзия сағаты өтті. Отырыстың барысында клуб қатысушылары Қостанай облысының тумасы, сатирик ақын Сейіт Кенжеахметовтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Кітапханашы сатиралық шығармаларымен, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне арналған еңбектерімен таныстырды. Іс-шара соңында «Сатираның санлағы – Сейіт Кенжеахметұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.