Ғалым, жазушы, Абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Северный» кітапхана-филиалында «Ғалым. Ағартушы. Тұлға» атты портрет кеші өтті.
Іс-шараға «Активное долголетие» СӨС тобының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Қайым Мұхамедхановтың өмірбаяның, ғылыми, әдеби және ағартушылық қызметін, ұлттық мәдениетті дамытуға, рухани құндылықтарды сақтау мен тарихи естелікті сақтау жолындағы үлесін егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ қатысушылардың назарына Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен мақалаларды қамтыған кітап көрмесі ұсынылды.
Ғалым. Ағартушы. Тұлға