«Южный» кітапхана-филиалында М. Хакімжанова ат. № 20 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушыларына арналған қазақтың ұлы ақыны, философы, музыканты және қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты поэзия сағаты өткізілді.
Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар қазіргі заманғы адамға ұлы ағартушының шығармашылығын не үшін зерделеу керектігін түсіндірді. Абайдың философиясы мен даналығы – қазақ халқының философиясы. Ақынның рухани мұрасы жыл сайын жаңа қырлармен ашылады және ешқашан өзектілігін жоғалтпайды, өйткені ол адам дамуының моральдық-адамгершілік негіздерін ашады.
Іс-шараға қатысушылар ақынның «Қара сөздерін», әндері мен өлеңдерін оқыды. Зияткерлік викторина сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында кітапханашы «Ұлы халықтың – ұлы ақыны» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра
