Ғажайып мектеп жылдары

2024 жылғы 03 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында қалың оқырмандар үшін «Ғажайып мектеп жылдары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мектептегі күлкілі оқиғалары бар кітаптар қойылған. Е. Велтистовтың «Приключения Электроника» кітабы, А. Суслованың «Солнце на ресничках» т.б., сонымен қатар ертегілер, және мектеп оқушылары мен олардың сүйікті мұғалімдері туралы қызықты өлеңдерді оқуға журналдар ұсынылады.
Сіздерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.