№13 орта мектептің оқушылары үшін «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен «Құқықтар мен міндеттерді сақтау» атты кездесу ұйымдастырды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанғабулова Салтанат Серікқызы қатысты.
Әңгіме барысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды.
Салтанат Серікқызы қиын өмірлік жағдайда өзін қалай ұстау керек, кәмелетке толмаған бала қиналған жағдайда қайда жүгіну керектігі жөнінде кеңес берді.
Инспектор көшеде және қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауды қатаң ұсынды. Ол мектеп оқушыларының естеріне алкоголь мен темекінің зияны туралы айтып берді, сондай-ақ бұл тәуелділіктердің неліктен қауіпті екенін түсіндірді.
Әңгіме инспектордың кәсіби қызметінен нақты мысалдар мен фактілерге негізделді. Балалар инспектормен диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.
Кездесу соңында «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.