Құстар – менің достарым

«Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Құстар – менің достарым» атты викторина өткізілді.
Балалар құстардың табиғаттың ажырамас бөлігі екенін, олардың ән шырқауымен орман мен далаға көрік беретінін білді. Сонымен қатар балалар құстар туралы жұмбақтарды тауып, сурет салды.
Шара соңында балалар құстар туралы энциклопедияларды қарап шықты.