2026 жылдың 19 қаңтарында «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 орта мектептің 6 «А» сынып оқушыларына арналған «Құтты шаңырақ астында» фото-көрмесіне шолу жасады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Жүргізуші Қазақстан халқының бірлігі күні – 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі екенін атап өтті.
Оқырмандарға: С. Құсайыновтың «Қазақстан – қарашаңағым» фотоальбомы, М. Шаймерденовтың, Ш. Әмірбековтың «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері» персоналдар энциклопедиясы, Ә. Тауұлының «Қазақ салт-дәстүрлері» кітабы және т. б. ұсынылды.
Іс-шара танымдық түрде өтті, балалар Қазақстан халқының түрлі дәстүрлерімен танысты.
Құтты шаңырақ астында