Қала тазалығы өз қолымызда

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, А. С. Пушкин ат. ҚБК қызметкерлері С. Мәуленов ат. мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Қала тазалығы өз қолымызда» атты еңбек десантын ұйымдастырды.
Қатысушылар қалалық алаңға А. С. Пушкиннің ескерткішіне барды. Қамқорлық танытып, олар саябақ аумағын құлаған жапырақтар мен бұтақтардан тазартты, тақтайшаларды сыпырды және ұлы орыс ақынның тұғырын қоқыстан тазартты.