12 тамызда «Северный» кітапхана-филиалында Кеңес Одағының Батыры Илья Яковлевич Сьяновтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қаламыздың көшелерімен» атты сабақ-реквиемі өтті.
Оның жауынгерлік жолы, Рейхстагты басып алу кезіндегі ерлігі, Отан алдындағы қызметі туралы әңгіме өрбіді.
Илья Яковлевич Сьянов Қостанай облысының Семиозерный ауданында дүниеге келген. 1942 жылдан Қостанайда жасақталған 151-ші жеке атқыштар бригадасының қатарында болды. 1945 жылы 16 сәуірде Берлин операциясына қатысып, Рейхстагты басып алды. Қостанайда Кеңес Одағының Батыры Сьянов атындағы көше бар.
«Как молоды мы были» қызығушылық клубы мен «Активное долголетие» салауатты өмір салтын қалыптастыру тобының мүшелері қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қаламыздың көшелерімен
