Қаланың көрікті жерлері

Қаланың көрікті жерлері

Н. Островский атындағы ОҚК «Менің Қостанайым» жобасы аясында «Қаланың көрікті жерлері» кітапханалық Non-stop өткізілді. Күннің бірінші жартысында кітапхана ісінің ардагері Гайнуллина Р. Т., Қостанай қаласының алғашқы гидтерінің бірі Щедрин П. Г., қостанайлық мүсінші Рахалиев М. Т., «Қостанай және Қостанай халқы» өлкетану сайтының авторы Қозыбаев А. А. сөз сөйледі. Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға электронды презентацияны, «Ежелгі Қостанай», «Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» бейнероликтерін көрсетті. «Библиогид» қаланың көрікті жерлерімен оқырман Е. Проболова таныстырды. Қостанай туралы өлеңдер айтылып, қостанайлық әнші А. Құрманов музыкалық нөмірлер орындады. Ақпараттық досье және кітапханалық квест Non-stop-ты жалғастырды. А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттеріне «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы» КММ қызметкерлері қаланың көне сәулет өнері мен ескерткіштерінің тарихын баяндап берді. Көрермендер үш командаға бөлініп, кітапхана квестіне белсенді қатысты. Квест 4 турдан тұрды: «Тайник», «Пазлы», «Логика», «Творчество». Веб-квестің қонақтары мен қатысушылары іс-шараға қатысқаны үшін сыйлықтар алды.