Қарттар күні қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар мен «Золотой возраст» клубының қатысушылары үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты позитивті кеш өткізді.
Кітапханашы қонақтарға жылы құттықтаулар мен тілектер айтып, қарт адамдарға адал еңбегі, зор өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін терең құрмет пен алғыс сөздерін білдірді. Клуб қатысушылары «Ескі тұрмыстық заттар», «Дана сөз», «Әуенді тап» ойындарына белсенді қатысты.
№ 6 және 18 мектеп оқушылары А. Дементьев, Э. Асадовтың өлеңдерін оқыды. «Лира» ансамблінің қатысушысы В. С. Крайчинскаяның орындауында Ш. Қалдаяқовтың, С. Оспановтың әндері, А. Пушкин мен С. Есениннің өлеңдеріне романстар шырқалды. Кітапханашы «Жизни золотой листопад» тақырыптық сөресіне шолу жасады.
Барлық қатысушылар сергектік, позитивті көзқарас пен жақсы көңіл-күй алды.
Қарттарым – асыл қазынам
