Қарымталы қалам иелері

Н. Островский атындағы ОҚК қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналған «Қарымталы қалам иелері» әдеби кешін өткізді. Жүргізушілердің сөзінен оқырмандар 2025 жылы оқу үшін жанр бойынша екі автор ұсынылғанын білді – проза: көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Т. Әлімқұловтың шығармалары, поэзия: атақты ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ж. Нәжімеденовтың шығармалары, оның 90 жылдық мерейтойы биыл атап өтіледі.
Кітапханашылар акция тарихын айтып, тыңдаушыларды жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып, авторлық өлеңдерін оқыды. 2006 жылы қабылданған ҚР Әнұранын тыңдап, Ж. Нәжімеденовтің сөзіне жазылған электронды презентация, жазушылардың терең талантын ашатын бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара «Рух биігіндегі қос дара тұлға» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.