«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына «Қасиетті домбыра» атты музыкалық сағаты өткізілді.
Жүргізуші ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтау мақсатындағы халықты біріктіретін мереке туралы айтты. Балалар түркі халықтарының әлемге берген ұлы өнертабыстарының бірі домбыраның тарихымен қатар көшпенділер тарихымен тығыз астасып жатқан домбыра музыкасының тарихымен де танысты.
Шара барысында «Қазақ жаны – домбыра!» тақырыптық сөреге шолу жасалды.
Қасиетті домбыра
