Қасиетті жаратылыс – киіз үй

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға адам қолының таңғажайып туындысы – қазақ халқының ежелгі ұлттық мұрасы болып табылатын киіз үй туралы айтып берді. Кітап материалдарын пайдалана отырып: С. Кенжеахметұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», Ә. Тауұлы «Қазақ салт-дәстүрлері», Сен білесің бе? кітаптар сериясының «Киіз үй» оқушылар киіз үйдің тарихы, оның сыртқы және ішкі құрылымы туралы білді. Қатысушылар киіз үй туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті.
Іс-шара соңында балалар киіз үй салып, дайын жұмыстардың көрмесін жасады.