16 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері балалармен «Қауіпсіз жолдар» атты рөлдік ойын ұйымдастырды. Балалар жол қозғалысы ережелерін қайталап, көшеде күтіп тұрған қауіптер туралы, бағдаршам сигналдары туралы білімдерін көрсетіп, кейбір жол белгілерінің мағынасын ажырата және түсіне білді. «Рұқсат етіледі-тыйым салынады» конкурсына қатысып, жол белгілерін атап, жұмбақтарды қуана шешті.
Іс-шара соңында балалар өз өміріне қауіп төндірмеу керектігін, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолда абай болу керек деген қорытындыға келді.