2025 жылдың 14 қарашасында жазушы, журналист, ҰОС ардагері Сапабек Асиповтың 100 жылдығы аясында «Северный» кітапхана-филиалында «Қазақ қасіреті» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараға «Шаңырақ» ҰКК мүшелері қатысты, шақырылған қонақ ақын, әдебиеттанушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов болды.
Кеш барысында кітапханашы тыңдаушыларды С. Асиповтың әдеби мұрасымен таныстырып, журналист пен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы электронды презентация ұсынды.
Серікбай Оспанұлы өз сөзінде жерлесіміз туралы, жұмыс сәттері, кездесулер, жадында қалған іс-шараларға бірлескен сапарлар туралы естеліктерімен бөлісті.
Қазақ қасіреті