Абай күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалы ұлы жазушы, философ, ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты көлемді кітап көрмесін дайындады.
Онда «Қазақстан әдебиеті», «Тарихи тұлғалар» энциклопедияларының өмірбаяндық материалдары, Ш. Күмісбаевтың «Тұңғыштар», М. Мырзахметұлының «Абайтану» көптомдығы, «Абай академиясы» сериясынан кітаптар, Абайдың дүние жүзінің әртүрлі тілдеріндегі шығармалары, сондай-ақ «Казахстанская правда» газетінің беттерінде берілген Қ. Жұбатқановтың «Мысль» журналында жарияланған «Сын казахской степи» мақаласы, В. Вовктың «Дорогой Абая» мақаласы сияқты мерзімді баспасөз материалдары.
Қазақ әдебиетінің шамшырағы
