Қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

Наурыз мерекесі қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тұсаукесер барысында кітапханашы этномәдени құндылықтарды жаңғырту шаралары, қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра, қобыз, шанқобыз және т.б. туралы әңгімелеп берді. Балалар «Төрт түлік», «Арқан тарту», «Асық ойыны» және т.б. өлеңдерді дауыстап оқыды. Іс-шара соңында «Ұлы Даланың көне сарындары» тақырыптық сөреге шолу жасалды.