«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова атыңдағы № 20 орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушылары үшін ортағасырлық Қазақстан тарихының көрнекті өкілі Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына 525 жыл толуына орай «Қазақ халқының дәуірлік тұлғасы» атты тарихи экскурс өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды көрнекті мемлекет қайраткері, «Тарих-и Рашиди» бірегей тарихи ғылыми еңбегінің авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің қысқаша өмірбаянымен таныстырды.
Іс-шараның шақырылған қонағы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих магистрі Руслан Батырханұлы Жусупов Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазған «Тарих-и Рашиди» кітабының шығу тарихы туралы айтып, қызықты деректермен бөлісті.
Балалар әңгімеге белсенді қатысып, тарихи шежіренің мазмұнына қатысты сұрақтар қойды.
Іс-шара соңында «Мұхаммед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.