2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы отбасы күніне орай Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттері үшін «Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі» атты ашық әңгіме өткізді.
Кітапханашылар отбасылық құндылықтардың қоғамдағы рөлі, рухани-мәдени мұраның тәрбиелік маңызы туралы айтып берді. Студенттер мен жүргізушілер арасында ашық әңгіме болды, әкелер мен балалардың қарым-қатынасы, үлкендерге құрметпен қарау сияқты тақырыптар қозғалды.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы бейнероликтер көрсетілді. Студенттер викторинаға, мақал-мәтелдер байқауына белсенді қатысып, әр отбасының дәстүрлерімен бөлісті.
Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі
