Қазақ тарихындағы шоқтығы биік нәзік жандылар

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай А. С. Пушкин ат. балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушылары жетекшісімен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға барды. «Қазақ тарихындағы шоқтығы биік нәзік жандылар» тақырыбындағы кездесуде музей қызметкері Мұханбетқали Таңшолпан Зияденқызы оқушыларға қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған аналар мен қоғамда ойып тұрып орын алған нәзік жандылар жайында әңгімелеп берді.
Мерекеге орай үйірме қатысушылары мен музей қызметкерлеріне кітапхана ұжымының атынан жылы лебіз білдіріліп, кішігірім сый сыйапат табысталды.