2025 жылғы 25 ақпанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қазақ хандығының шежіресі» тарих сағатын өткізді.
Кітапханашылар Жәнібек пен Керейдің алғашқы хандары тұсында Қазақ хандығының пайда болуының тарихи маңызды кезеңі туралы айтып берді. Қазақ мемлекеттілігінің дамуына зор үлес қосқан Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары және т.б. хандармен хронологиялық тәртіпте таныстырылды. Қазақ хандығы көрсетілген 1562, 1658 жылдардағы еуропалық зерттеушілердің карталарының иллюстрациялары студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ кітапханашылар Қазақ хандығының бас идеологы – Асан қайғы, тұңғыш тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати және оның әйгілі «Тарих-и Рашидиатты» еңбегі туралы айтып берді.
Сонында «Қазақ хандығына – 560 жыл» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Қазақ тарихының шежіресі
