«Западный» кітапхана-филиалында «Золотой возраст» клубының қатысушылары үшін «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек» брейн-рингі өткізілді.
Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында өтті. Екі команда қатысты. Кітапханашының мереке тарихы және оның Қазақстанның әрбір азаматы үшін маңызы жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, қатысушылар мақал-мәтелдер құрастырып, жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, мамыр мерекелеріне тілектер жазды.
Ойын барысында клуб қатысушылары өз білімдерін нығайтты, есте сақтау қабілетін жаңартты, бұл іс-шара тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар ақыл-ой үшін тамаша жаттығу екенін атап өтті. Клуб қатысушыларын тапсырмалар арасында № 6 жалпы білім беретін мектептің оқушылары құттықтады.
Іс-шараға «Достық татулық тірегі» тақырыптық сөресі дайындалды.
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек
