Қазақстан – біздің үйіміз

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері үшін «Қазақстан – біздің үйіміз» атты сұрақ-жауап сағатын өткізді. Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, кітапханашы мереке туралы әңгімеледі.
Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі рота командирінің орынбасары Тілеген Өмір Русланұлы еліміздің басты мерекесімен құттықтап, 25 қазан – Қазақстан республиканың одан әрі дамуы мен өркендеуіне негіз болған тәуелсіздікке алғашқы қадамдар жасаған күн екенін атап өтті.
Бұдан әрі тыңдаушылар танымдық викторинасының сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында сарбаздардың орындауында «Адай» күйі, «Мен қазақтың ұлымын», «Атамекен» әндері орындалды.
Соңында «Қазақстан – менің Республикам» атты кітап көрмесі ұсынылды.