Қазақстан халқының қолданбалы өнері мен шығармашылығының тарихы

«Южный»  кітапхана-филиалында бастауыш буын балаларына арналған  «Шабыт» үйірмесінің алғашқы таныстыру сабағы өтті, онда балалар  қазақтардың қолданбалы өнер тарихы мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтерді білді. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ киіз үйі, оның безендірілуі, қазақтың ұлттық киімі, көрпеше тігу, қолдан жасалған кілем тоқу және күнделікті киімге қолданылатын ою-өрнектер туралы айтып берді. Презентацияның  сүйемелдеуімен балалар жұмбақтарды шешті және шара соңында қазақтың ұлттық киімдерінің суретін салды. Болашақта Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық стиліндегі қолөнерді мүсіндеу, аппликациялау және дайындау бойынша сабақтар жоспарланған.