«Киевский» кітапхана-филиалында «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстанның басты мерейтойлық және атаулы күндеріне арналған.
Экспозиция ең маңызды бағдарламалық құжат – Президенттің ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауымен ашылады.
Көрме құрылымында егемен Қазақстанның қалыптасуын бейнелейтін мұрағаттық құжаттар, тарихи очерктер мен фотоальбомдар басты орын алады: Б. Аяған «Егемен Қазақстан тарихы: тәуелсіздікке 20 жыл», А. Осман «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» және басқалар.
Келесі бөлімде Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған материалдар – өлкетану басылымдары, көрнекті жерлестеріміздің өмірбаяны және өңірдің өнеркәсіптік және мәдени әлеуеті туралы кітаптар. Бұл «Алтын дала» фотокітабы, «Костанайская область» энциклопедиясы, «Кустанай – Костанай: очерки истории (с 1936 по 2013 годы)», «Костанайская область: прошлое и настоящее».
Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының ашылғанына 35 жыл толуына арналған бөлімде мұражайдың құрылу тарихы туралы баяндайтын басылымдар, Ыбырай Алтынсариннің еңбектері: «Собрание сочинений», В. Захарченко мен С. Киселевтің «Қостанай. Қаладағы серуен. Прогулки по городу» фотокітабы.
Кітап көрмесінің материалдары көптеген оқырмандар үшін пайдалы болады.
Қазақстан – мүмкіндіктер елі