28 тамызда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» атты тақырыптық дәріс өткізді.
Кішкентай кітапханаға келушілер «Қазақстанның Конституциясы» бейнеролигін пайдалана отырып, Конституция не екенін, оның мемлекетіміздің өміріндегі рөлі қандай екенін, мемлекетіміздің бас заңы қашан қабылданғанын біліп, ел азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен танысты. Қатысушылармен «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» викторинасы өткізіліп, «Конституция балалардың аузымен» бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында кітапханашы қатысушыларды кітапхана қорындағы басылымдармен, тақырыптық сөреде ұсынылған әр жылдардағы Конституция туралы мақалалармен таныстырды.