1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары А. Бірімжанов ат. №115 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арнап «Қазақстан – татулық пен бірлік мекені!» поэтикалық саяхат кешін ұйымдастырды.
Іс-шара «Атамекен» ән-ұранымен басталды. Балалар әр ұлттың өлеңдерін оқып берді «Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн», «Зор Москва көшесінде шалқып бір», «Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!». «Бірлік», «Ынтымақ», «Татулық» топтарына бөлініп паззл ойынынаң бастап басқа да ұлттардың ойындары «Алтын қақпа», «Бас сүйегі», «Әуендерді табу» ойындарын ойнап жарысты.
Соныңда кітапханашы оқушыларды «Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты кітап көрмесімен таныстырды. Балалар түрлі түсті ленталарға өз тілектерін жазып қалдырды.
Қазақстан – татулық пен бірлік мекені!
