15 желтоқсанда «Северный» кітапхана-филиалына Жасөспірімдер үйінің балалары келді. Олардың назарына Тәуелсіздік күні аясында «Қазақстандық даму моделінің басымдықтары» атты ақпараттық сағат дайындалып, өткізілді.
Іс-шара барысында балалар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдерімен, республиканың егемендік жылдарындағы негізгі жетістіктерімен, елдің түрлі салалардағы даму басымдықтарымен, сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған негізгі реформалармен танысты.
Іс-шараға қатысушылар тәуелсіздіктің Қазақстанның болашағы үшін маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісті және республиканың өркендеуіне өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шара соңында Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен жетістіктері туралы кітап көрмесі ұсынылды.
Қазақстандық даму моделінің басымдықтары