Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері үшін «Қазақстандық даму моделінің басымдықтары» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдеріне, республиканың егемендік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне, елдің түрлі салалардағы даму басымдықтарына, сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған негізгі реформаларға баса назар аударылды. Тыңдаушылардың назарына Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен жетістіктері туралы басылымдар ұсынылған бейне және кітап көрмесіне шолу көрсетілді.
Қазақстандық даму моделінің басымдықтары