№ 13 ЖБОМ 3 «А» сынып оқушыларына арналған «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстанның барлық күші халық бірлігінде» этнографиялық калейдоскобын өткізді.
Шара басында кітапхана қызметкері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөздерін оқыды. Этносаралық келісімді нығайтудағы Ассамблеяның маңызды рөлі туралы айтып берді.
Мерекелік кездесу аясында балалар мақал-мәтелдер тапты, ұлттық киімдерді білуге арналған викториналарға қатысты, жұмбақтарды тыңдап, қай ұлт туралы айтылып жатқанын болжады. «Арқан тарту», «Жапалақтар және қарлығаш», «Ручеек», «Колдун» (чаклун), «Колокол» ойындарына қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстанның күші оның азаматтарының бірлігінде екенін еске салды. Іс-шара алғыс сөздерімен және еңбекке және өзара сыйластыққа негізделген болашаққа деген ортақ сеніммен аяқталды.
Қазақстанның барлық күші халық бірлігінде
