«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қазақстанның інжу маржандары» іс-шарасы өтті. Үйірмеге қатысушылар Қазақстанның қорықтарымен танысып, олардың географиялық орналасуын білді. Балалар Қазақстанда биоәртүрлілікті сақтауда шешуші рөл атқаратын бірегей табиғи қорықтар мен саябақтар бар екенін білді. Кітапханашы жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жойылып кету проблемаларына және оларды қорғауға назар аударды. Әңгіме табиғи байлықты сақтаудың маңыздылығын еске салды. Балалар Иващенко А. А. «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», «Қазақстан: Фотоальбом» атты басылымдарымен танысты.