Қазақстанның мейірімді жері

2025 жылғы 17 ақпанда «Строительный» кітапхана-филиалында оқырмандардың назарына Алғыс айту күніне орай «Қазақстанның мейірімді жері» атты көрме-естелік рәсімделді.
Кітапхана қорынан ұсынылған кітаптар толерантты қоғамдық сана, конфессияаралық және этносаралық келісім мәдениеті идеяларын ашады. «Милосердная земля Казахстана» жинағының беттерінде жетекші тарихшы мамандар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері халықты депортациялаудың, оларды қазақтардың екінші отаны болған, ежелгі жеріне орналастырудың күрделі процестерін қатаң құжаттық негізде талдайды.
Ж. Артықбаевтың «Узбеки Казахстана: история, хозяйство и культура, духовная жизнь и современность» кітабында Қазақстанның этникалық дамуының жарқын көріністерінің бірі – Оңтүстік Қазақстанда тұратын өзбектер қоғамы көрсетілген. Сонымен қатар оқырмандар назарына белгілі саясаттанушы, публицист, ақын, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі О. Г. Дымовтың «Тепло казахстанской земли» атты кітабы ұсынылды. Ол елімізде жүргізіліп жатқан ұлттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің кітапханаға барып, көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.