«Западный» кітапхана-филиалында МАТЛМИ «Озат» мектебінің оқушылары үшін «Қазақстанның рухани қасиетті орындары» атты әңгімелер керуені өткізілді. Кітапхана қызметкері еліміздегі қасиетті орындар туралы мәлімет берді. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар тақырып бойынша блиц-сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушылар «Қазақстанның киелі жерлері» атты кітап көрмесімен танысып өтті.