2025 жылғы 14 қарашада «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 орта мектептің 7 «А» сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның рухани киелі жерлері — ұлы бабалар мұрасы» географиялық картасы іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы «Өткенге тағзым» презентациясын көрсетіп, көптеген сәулет ескерткіштері, табиғи көрікті жерлер, киелі орындар, Қазақстанның ежелгі қалалары туралы айтып берді. «Ұлы дала тарихы» кітап көрмесінде О. Жанайдаровтың «Қазақ жерінің 100 аңызы» атты альбом-кітабы ұсынылды. Г. Кан, Е. Тоғжанов авторларының «Ұлы дала тарихы» оқу құралында ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар бар.
Соңында «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигі көрсетілді. Балалар көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты білді.
Қазақстанның рухани киелі жерлері – ұлы бабалар мұрасы